Соңғы жаңалықтар

Диетолог жаңа жылдық тағамдардың өлімге жеткізетін қаупі туралы айтты

Диетолог Елена Соломатина танымал жаңа жылдық тағамдардың өлімге әкеп соқтыратын қаупі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігер жұмыртқа, майонез, ет, теңіз өнімдері мен балықтан тұратын күрделі салаттар үлкен қауіп төндіретінін айтты. 

Соломатина "Оливье" және "Селедка под шубой" сияқты салаттарды порцияға бөліп, қалғанын тоңазытқышқа салуды ұсынды. Майонез қосылған салатты, оның айтуынша, бірден жеу керек. Диетолог дайындалған ингредиенттерді жеке-жеке сақтауға және қажет болған жағдайда ғана турауға кеңес берді.

Әдетте адамдар мерекені бірнеше сағат бұрын тойлауға кіріседі, содан кейін серуендеп немесе көршілеріне кетеді, қайта оралады, шампань ішеді, қайтадан қыдырады, қайтадан үйіне келеді. Осы уақыт ішінде ыдымтағы салат қышқылданады. Майонез қосылмаған болса да, оны келесі күні де жеу қауіпті.

Диетолог үстелге қойылатын майонез қосылған салаттар жылы және ылғалды болатынын ескертті — мұндай жағдайлар микробтардың көбеюі үшін өте қолайлы. Ол тағамға сірке суы немесе лимон шырынын қосып ұсынуға кеңес берді.

Соломатина салаттарды ұзақ уақыт сақтамау өте маңызды екенін айтты. Ол үш күндік "Оливьені" қолдану қатты улануға әкелуі мүмкін екенін баса айтты. Ересектерде диарея және құсу басталса, онда балаларда қатты дегидратация, электролит балансының бұзылуы, құрысулар пайда болып, соңы өлімге дейін жеткізуі мүмкін. Егде жастағы адамдарға келетін болсақ, диетологтың пікірінше, тұрып қалған салатты қолдану интоксикация жүрек-тамыр ауруларының, соның ішінде инфаркттың өршуіне әкелуі мүмкін.


Жаңа жылға арналған құттықтаулар

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр