Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог асқазан ауруларының білінбейтін белгілерін атады

Диетолог Нурия Дианова кейде жөтелдің рефлюкс ауруының белгісі болуы мүмкін екенін жеткізді. Маманның айтуынша, асқазанның денсаулығына байланысты проблемалар әртүрлі жолмен көрінуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Москва 24” порталына сілтеме жасап.

"Эпигастридегі әртүрлі қарқындылықтағы ауырсынулар адамдарда күнделікті сезіліп тұрады. Бұл тамақ ішкеннен кейін, ауамен кекіру сезімінен кейін туындайтын тұрақты ауырлық сезімі. Бұл ойық жара мен гастриттің негізгі белгісі болып табылады", - деді Дианова. 

Маманның айтуынша адамдар мүлде асқазан ауруымен байланыстыра алмайтын белгілер болады. Бұл жиі жөтел. 

“Кейде жөтелдің өзі рефлюкстің бар екенін айқындайды. Симптомдары созылмалы фарингитке ұқсас болғанымен бұл асқазан мен өңеш жолдарында бірнеше мәселелердің бар екенін көрсетеді”,- деді диетолог.

Сондай-ақ жүрек айну да асқазан денсаулығына қатысты белгілердің бірі болып табылады. Бірақ диагноз қою кезінде тек бұл симптомға ғана қарауға болмайды. 

Маман сонымен қатар жүрек айнуы, төс сүйегінің ысу сезімі болса міндетті түрде диагностикадан өтуге кеңес берді. Себебі бұл инфаркт, стенокардия немесе гастриттің белгісі болуы мүмкін. Ауырлық сезімі болса оны бірден патологиялық дерт деп танудың қажеті жоқ. Бұл жоғары эмоционалды фонға байланысты функционалды диспепсия болуы да мүмкін.

Талқылау