Депутаттар демалысқа кетті
Парламент VI шақырылымның бесінші сессиясын аяқтады, cенат пен мәжіліс депутаттары демалысқа кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін палаталардың бірлескен отырысы өтіп, бесінші парламенттік сессияны аяқтады.
Бесінші сессия кезінде екі палатаның жұмысында 161 заң жобасы болды, олардың 98-і қабылданды. Олардың 86-сына президент қол қойып, заңды күшіне енді.
"Осы сессияда депутаттар 35 жеке заң жобасын әзірледі, оның 12-і қабылданып, 23-і жұмыс барысында. Депутаттық бастаманың мұндай жоғары көрсеткішіне алғаш рет қол жеткізілді. Бесінші сессия барысында парламентшілердің өздері әзірлеген заң жобаларының саны алдыңғы төрт сессияның санынан екі есе артық", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"