Депутат Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Алматы қалалық соты мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Казахстанская правда" басылымына сілтеме жасап.
"Алматы қаласы тергеу сотының қаулысына сәйкес 17 маусымда күдіктіні қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы шағым қанағаттандырылды", - делінген соттың баспасөз қызметіндегілер ұсынған ақпаратта.
Айта кетейік, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде қамауға алынған еді. Кейін қамауда ұстау мерзімі 21 маусымға дейін ұзартылған.
Алматы прокуратурасы ұсынған мәліметке сәйкес, депутат жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және қатысты деген күдікке ілінген.
“Алдын ала тергеумен Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен ("Дикий Арман" деп аталатын) бірге "Қазақстан" қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, Джумагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан "ұяшықтар" бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды”, – дейді прокуратурадан.