Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін тоқтатуды сұрап арыз жазды

Мәжіліс Respublika партиясының депутаты Динара Шүкіжанованың өкілеттігін тоқтату мәселесін қарайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: parlam.kz

Бұл туралы ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтында пайда болды. Шүкіжанова Орталық сайлау комиссиясына өзінің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды сұрап өтініш берген.

"Парламент мәжілісіндегі депутат Д.А.Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Динара Шүкіжанова VIII сайланған мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

"Республика партиясының теңтөрағасы Динара Шүкіжанованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды сұрап арыз жазғаны рас. Бұл туралы ертең палатаның жалпы отырысында хабарланады. Алайда ол әлі күнге партияда, партияның теңтөрағасы. Орталық кеңес мүшесі Динара Шүкіжанова партия қызметіне араласып, Қазақстан халқының игілігі үшін белсенді жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр", – делінген "Республика" партиясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Талқылау