Денсаулық сақтау және ішкі істер министрліктері ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қолдады
ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы петицияны ішкі істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі де қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астанада ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы петицияны қоғамдық талқылау басталды. Ішкі істер министрлігінің өкілі Ринат Зұлқайыров мұндай насихат елдегі қылмыс деңгейіне әсер етіп жатыр деп мәлімдеді.
"Қылмыстың көбеюінің басты себебі – интернетте жыныстық қатынас еркіндігі, сол туралы ақпараттың жиі таралуы. Үштен бірі дерлік 16 жасқа толмағандар, бұл білім деңгейінің төмендегенін көрсетеді", – деді ол.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Гүлнар Сәрсенбаева агрессивті жарнаманың жастардың өмір салтына қалай әсер ететіні туралы айтты. Ол бұған энергетикалық сусындар мен вейптердің жарнамасын мысалға келтірді.
"Мен осы мысалмен жарнаманың өскелең ұрпаққа әсері олардың өмір салтына және жалпы жұмысына өте кері әсер ететінін көрсеткім келді. Осылайша, ЛГБТ насихаты елдегі демографиялық жағдайға кері әсер етуі мүмкін", – деді Сәрсенбаева.
Петиция авторы, қазақстандық ата-аналар одағының төрайымы Бағила Балтабаева аймақтарды аралап, петицияға дауыс беруді насихаттағанын айтады.
Балтабаева ЛГБТ қауымдастығы жастар арасында танымал болғанын және өзін лесбиян санайтын қыздардың оған хат жазғанын мойындады.
Бала құқықтары жөніндегі комитет оның өтінішін қолдады.
БҰҰ-ның бес сарапшысы Қазақстан үкіметіне "ЛГБТ насихатына" қарсы петицияны қабылдамау туралы кеңес берді. Олар бұл бастама қабылданса, қазақстандықтардың өз ойын айту және бейбіт жиын өткізу құқықтары бұзылатынын ескертті.
Сарапшылардың пікірінше, "ЛГБТ насихатына" қарсы петиция Қазақстан заңнамасына қайшы келетіндіктен, ол қабылданбауы керек. Заң бойынша үкімет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға әкеп соғатын өтініштерді қарай алмайды.
Сарапшылар өтініш қабылданса, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде кепілдік берілген бірқатар құқықтар мен бостандыққа нұсқан келетінін айтты. Қазақстан 2005 жылы бұл пактіні ратификациялады, оның ішінде кемсітушілікке жол бермеу туралы міндеттеме бар.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис "ЛГБТ насихаты" туралы петицияға қарсы шықты. Бірақ петицияның қолдаушылары оны сөйлеткізбей, кедергі жасаған. Ол гомосексуализм психикалық ауытқушылық емес, көздің пішіні мен шаштың түсі сияқты туа біткен қасиет.
"Біз бұған қарсымыз, сөзін бітірсін, уақыт бермеңдер оған" деп айғайлады петиция қолдаушылары.
Еске салсақ, бұған дейін депутаттар журналистерге ЛГБТ туралы жазуға тыйым салуды ұсынған еді. Кейін елімізде ЛГБТ насихатына қарсы петиция шығып, ол 50 мың қол жинады.