Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне Тимур Мұратұлы Мұратов тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: primeminister.kz
Тимур Мұратов 1977 жылы Абай облысында дүниеге келген. Семей мемлекеттік медицина академиясын, Еуразия гуманитарлық институтын, "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Астана қаласының №6 емханасында дәрігер-уролог болып бастаған.
Әр жылдары "Ақ ниет" сауықтыру орталығында, қорғаныс министрлігінің бас әскери емханасында, ұлттық ғылыми медициналық орталығында жұмыс істеді.
2010-2015 жылдары — Астана қаласының №2 қалалық ауруханасында бөлімше меңгерушісі, бас дәрігер орынбасары.
2015-2017 жылдары — №2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері.
2017-2018 жылдары — Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2018-2019 жылдары — Астана қаласының Қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері.
2019-2020 жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы директорының бірінші орынбасары болды.
2020 жылдан 2023 жылға дейін — Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.
Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаевтың қызметінен босатылғаны туралы жазған едік.