Денсаулық сақтау министрлігі Наурыз мейрамын қалай тойлау керек екенін айтты
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарды келе жатқан мереке күндері барынша сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сіздерді келе жатқан - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Мереке күндері коронавирустық инфекцияны алдын алу шараларын, әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін сақтау қажет", - дейді Қиясов.
Ол халыққа барлық санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтау қаншалықты маңызды екенін айтып түсіндірді.
"Азаматтарымызды, бизнес өкілдерін жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, басқаларға және өздеріне жұқтырмау үшін карантин режимі мен қарапайым алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырамын.
Коронавирустық инфекцияның жасы үлкен аталарымыз бен әжелерімізге аса қауіпті екендігін ұмытпаңыздар", - дейді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен