Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі ботокс процедурасын жасататындарға ескерту жасады

Елімізде соңғы жылдары ботулинотерапия (ботокс) процедурасы сұранысқа ие. Бұл инъекциялар терінің патологиялық өзгерістерін жасартып, кемшіліктерін жою үшін эстетикалық медицинада қолданылады. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі сақ болу керек нәрселерді ескертіп өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ботокс

Министрлік тек сертификатталған мамандардың қызметтерін пайдалану керегін айтты.

Косметологиялық клиникаларға барған кезде ботокстың жарамдылық мерзіміне және қолданылатын өнімнің тіркеуін тексеру қажет.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда ботулинотерапия рәсімінде қолдануға арналған 12 дәрілік зат тіркелген.

"Олар "Ботулакс", "Ксеомин", "Вистабель", "ФОРТОКС", "Диспорт", "Нейронокс" атауларымен ұсынылған. Бұл дәрі-дәрмектер дәрігердің рецепті бойынша қатаң түрде беріледі. Заңнамада дәрі-дәрмектерді рецептсіз сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Дәрі-дәрмектерді заңсыз қолданғаны үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те бар", – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Денсаулық сақтау министрлігі боток салдырғысы келгендерге кеңес айтты:

  • Инъекцияны өзіңізге өзіңіз енгізбеңіз;
  • Тек сертификатталған мамандардың қызметтерін пайдаланыңыз;
  • Дәрігердің рецепті бойынша елде тіркелген дәрілік заттарды сатып алу керек.

Ұйымның белгілі бір процедураларды жүргізуге лицензиясы бар-жоғын мына сілтеме арқылы тексеруге болады.

Талқылау