Не үшін ауруханада фото, видео түсіруге болмайды: Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Шоранов Марат Едігеұлы ауруханада фото және видео түсіруге неге рұқсат етілмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Негізінде, фото-видео түсіруге тыйым салу жаңа норма емес және бұл ереже медициналық ұйымдарда осы жылдың сәуірінен бастап қолданылады. Онда медициналық ұйымда, жедел жәрдем көлігінде, науқасқа көмек көрсетіп жатқан басқа бөлмелерде видео түсіруге тыйым салынады", - дейді Шоранов.
Оған қоса науқастарға жақындарымен байланыс орнатуға шектеу қойылмағанын, қалағаны уақытында хабарласып, сөйлесе алатынын түсіндірді ол.
"Бұл бірінші кезекте науқастың құқығын қорғау нормасына сәйкес жасалған. Сондай-ақ, ДСМ науқастарға медициналық ұйымға смартфон әкеліп, туыстарымен байланыста болу үшін хабарласуға, видео арқылы сөйлесуге тыйым салмайды. Біз ДСМ ретінде азаматтардың жеке өміріне қол сұға алмаймыз", - деді Шоранов ОКҚ онлайн-брифингінде.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған