Денсаулық сақтау министрі қымбат брендтің киімдері мен сөмкесін қандай ақшаға алғанын айтты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің әлеуметтік желіде жариялаған суреттеріндегі Dolce & Gabbana брендінің көйлегі мен қымбат сөмкелеріне қанша ақша жұмсағаны туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото akmaralalnazarova instagram парақшасынан алынды
Журналистер министрден ондай қымбат брендтерден киіну үшін қанша жалақы алу керек екенін сұрады.
"Брендтердің жанкүйерімін деп айта алмаймын. Менің үлкен гардеробым жоқ. Фотодағы сөмке қарапайым қыздардың да қалтасы көтеретін сөмке, бағасы 250 мың теңге. Ал көйлекті өзімнің мерейтойыма еңбек демалысымда алған ақшаға сатып алдым. Құны есімде жоқ, 800-900 мың теңгенің арасында", – деді Әлназарова.
Министр өзінің жаңа қызметтегі жалақысы туралы сұраққа да жауап берді.
"Мен әлі жалақы алған жоқпын, бірақ көп болады деп ойламаймын", – деді министр.
Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрі ауылда медициналық нысандар салуға 100 миллиард теңге сұрағаны туралы жазған едік.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық