Денсаулық сақтау министрі өзінің алғашқы дәрігерлік қателігі туралы айтып берді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баланы емдеу кезінде жіберген алғашқы дәрігерлік қателігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр өзінің алғашқы қателігі әлі есінде екенін айтады. Сөзінше, ол кезде баланы ішек инфекциясынан емдеген.
"Баланы ішек инфекциясынан емдедім. Қызуы түсті, барлығы жақсы. Үшінші күні тағы да бірден қызуы көтеріліп кетті. Әлі есімде. Сол кезде әріптестеріме жүгініп, баланы бірге қарадық. Мен ішек инфекциясынан емдегенмін, ал балада төменгі бөлік пневмониясы екен", – деді министр.
Ажар Ғиният баланың аман қалғанын айтты Сөзінше, оның жағдайы жақсарғанша жансақтау бөлімінен шықпаған.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің қателігінен зардап шеккендерге өтемақы төленетінін мәлімдеген еді. Ол үшін медицина қызметкерлерінің қызметін міндетті сақтандыру енгізуді ұсынды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”