Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Денис Теннің өлімі: Сотталушыларды 20 жылға бас бостандығынан айыру сұралды
Алматыда танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сот жарыс сөзі басталды. Прокурор сотталушыларды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сот залынан.

Сурет: Sputnik / Анна Платонова
Аталған іс бойынша Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева айыпталып отыр. Мемлекеттік айыптаушы Қуандық Досовтың сөзінше, сот процесінің барысында күдіктілердің кінәсі толықтай дәлелденді.
«Арман Құдайбергеновті кінәлі деп танып, оған 20 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтеуін сұраймын. Нұралы Қиясовты кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесіп, жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтеуін сұраймын. Және Жанар Толыбаеваны кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын», – дейді прокурор.
Ал Денистің анасы Оксана Тен тергеуде кей мәліметтердің ескерілмегенін айтып, тергеудің қайта жүргізілуін сұрап отыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды