"Денесінің 50 пайыздан астамын күйік шалған": Оралда құрбандық шалмақ болған 3 адам ауыр жарақат алды
Оралда құрбандық шаламыз деп жарақат алған үш адам ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Жергілікті мал соятын жерде газ баллоны жарылған. Салдарынан бас-аяғы 10 адам күйіп қалған. Оның екеуі – кәмелет жасқа толмаған бала. Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Төтеншеліктердің болжамынша, азаматтар бас үйітіп жатқан кезде газ баллоны жарылған болуы мүмкін.
“Үш науқас өте ауыр жағдайда реанимация бөліміне жатқызылды. Біреуі есеңгіреп қалған, өзі демалады, гемодинамикасы тұрақты. Қалған екеуі есін біледі. Сол бірқалыпты, ауыр жағдайда. Жансақтау бөліміне жатқызылған науқастардың көлемі 50-91%-ға жетеді”, – дейді Орал көпбейінді қалалық ауруханасы директорының орынбасары Дияс Жайлаубаев.
Бұған дейін Таразда көшедегі үлкен шұңқырға жолаушылары бар көлік құлап кеткен еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған