Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалыс күндері сұлулық салондары, фитнес орталықтары және діни нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етілді

Ведомствоаралық комиссия кейбір нысандарға демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

салон

Демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі:

  • сұлулық салондарына, шаштараздарға, косметикалық қызмет көрсететін объектілерге (infokazakhstan.kz порталында тіркелу, алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге  4 ш. м.);
  • фитнес-орталықтарына, спорттық-сауықтыру орталықтарына, тренажер залдарына, спорт кешендеріне, СПА-салондарға, сауналарға, бассейндерге (infokazakhstan.kz порталында тіркелу, толымдылығы 30% аспайтын, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);
  • діни нысандарға (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей).

Мемлекеттік органдармен, "Атамекен" ҰКП және отандық тауар өндірушілермен талқылаудың қорытындысы бойынша бір рет қолданылатын медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендетілді.

Сондай-ақ үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалғандарға 2020 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, оны автоматты түрде ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл шара мемлекеттік органдарда адамдардың жаппай жиналуын болдырмау арқылы азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Талқылау