Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Демал, шопан" деп жауап берді": Қазақстандықтар Астанадағы "Непара" концертін тоқтатуды талап етуде

Қазақстанда Z-әртістерге қатысты тағы бір жанжал шықты. Бұл жолы қазақстандықтар соғысты қолдайтын "Непара" тобының концертін тоқтатуды талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: dorognoe.ru

"Непара" дуэті Ресейдің Украинадағы соғысын әуел бастан қолдап келеді. 2022 жылы 8 наурызда олар Мәскеуде "Біз сенеміз және күтеміз" және "Біз ZaWorld" ұрандарымен концертке қатысты.

2022 жылдың қарашасында Ресей президенті Владимир Путин елде мобилизация жариялағаннан кейін "Непара" тобының әншісі Александр Шоуа Ресейден кеткен жұлдыздарды айыптай бастады.

"Мен бұл әртістер туралы мүлде ойламаймын. Себебі олар мен үшін өмір сүруін тоқтатты. Мен Ресейден ешқашан кетпеймін", – деді әртіс. 

Z-әртістердің концерті 27 қазанда Астанада өтеді деп жоспарланған. Қазақстандықтар шараны тоқтатуды белсенді түрде талап етуде.

Facebook қолданушысы Алексей Яковлев әлеуметтік желіде топ директорымен хат жазысқан сәтінен скриншот жариялады. Ол Қазақстанға келмеу туралы үндеуге жауап ретінде "отдыхай, чабан" (демал, шопан) деп жауап берген. 

"Қазақстанға Путиннің соңғы Z-әртістері жиналмақ. Олар ақша тауып, әскерге салық төлегісі келеді. Олардың постерінде "Z" қана емес, директорының менің ұсынысыма WhatsApp-тағы жауабын қараңыздар. Бұл нацизмнің бір түрі саналатын шовинизм емес пе? Оларды Қазақстанға кіргізбеуге тырысайық!" – деді Алексей Яковлев.

Талқылау