Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалым: "Дельта" штамм коронавирустың соңғы нұсқасы болуы мүмкін

АҚШ Ұлттық биотехнологиялық ақпараттар орталығының ғылыми қызметкері, АҚШ, Ресей, Еуропа ұлттық ғылым академиясының мүшесі Евгений Кунин коронавирустың “дельта” штаммы кең ауқымда тарағанын айтады. Өзгелерін ысырып, басымдыққа ие болуы үшін барлық мүмкіндігі бар. Айтуынша, сондықтан аталмыш штамм коронавирустың соңғы нұсқасы болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап. 

дельта

Сөзінше, коронавирустың "дельта" деп аталатын штаммы өзгеруін тоқтатып, өзге штаммдар арасында басымдыққа ие болуы мүмкін. Себебі барлығына бейімделген вирусқа одан әрі даму қиынға түседі. 

"Мына жағдайды көз алдымызға елестетейік: вирустың патогендігін таулы аймақ деп санайық. Ал вирус  шоқыға көтерілді делік, бірақ биікке көтерілу үшін аңғарды кесіп өтуі қажет. Ал бұл мүлде болмай қалуы да мүмкін", – деді Евгений Кунин. 

Ол "дельта" штаммын белгілі уақыт басымдыққа ие болған "тұрақтылық аралы" деп атады. Ғалымның айтуынша, вирустың әрі қарай өзгеруіне табиғи жағдайдан бөлек вакцинациялау да кедергі келтіріп отыр. Кунин вакцинациялау әлемде жылдам тарап, үйреншікті жағдайға айналғанын қосып өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы вирустың жаңа толқынына қатысты Жандарбек Бекшиннің жауап бергенін хабарлаған едік. 

Талқылау