Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ балалар арасында тарап жатқан белгісіз гепатит ауру дерегін тіркеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалардан белгісіз гепатит ауруының өршу дерегін тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

15 шілдедегі мәліметтер бойынша бұл аурудың салдарынан 22 бала қайтыс болған. 5 сәуірде мен 8 шілде аралығында ДДҰ-ның бес аймағындағы 35 елде гепатиттің 1010 мүмкін жағдайы хабарланған. Аурудың нақты шығу тегі белгісіз. Кейбір жағдайларда пациенттер SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырған. Алайда аурулар арасындағы байланыс әлі анықталған жоқ.

Аурудың белгілері

Бұл ауруға шалдыққан науқастарда жүрек айну, құсу (60% жағдайда), жалпы әлсіздік (52%) және іштің ауыруы (50%) сияқты белгілер жиі байқалған. Симптомдардың басталуы мен ауруханаға жатқызу арасындағы орташа уақыт – төрт күн.



Зерттеулерге сәйкес зардап шеккен балаларда А және Е гепатиттері табылмаған.

Бірқатар жағдайларда коронавирус сияқты басқа да қоздырғыштар табылған. Бірақ бүгінгі күнге дейін қорытынды шығару үшін мәліметтер жетіспейді.

Талқылау