ДДСҰ: Үндістандық коронавирус штаммы әлемге қауіп төндіреді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Үндістанда таралып жатқан коронавирустың үштік мутациялық штамын жаһандық деңгейде "алаңдаушылық тудырады" деп таныды. Бұл туралы ДДСҰ ресми өкілі Мария Ван Керкхов СNBC телеарнасына мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ДДСҰ-дағы жаңа аурулар мен зооноз бөлімшесінің жетекшісінің айтуынша, Үндістаннан шыққан B.1.617 штаммы жұқпалы, өлімге әкеледі және вакциналарға бастапқы ауруға қарағанда төзімді.
"Сондықтан біз бұл нұсқаны жаһандық проблемалар қатарына жатқызамыз. Кейбір алдын - ала зерттеулер берілудің жоғарылағанын көрсетті, бізге вирустың бұл нұсқасы туралы көбірек ақпарат қажет", - деді Керкхов.
ДДCҰ өкілі мутацияланған инфекция бастапқы SARS-CoV-2 штаммына қарағанда тезірек таралатынын атап өтті.
Бұрын хабарланғандай, B. 1.617 штаммы Үндістанда коронавирус санының тез өсуіне әкелуі мүмкін.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді