ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады
Даниялық өндіруші Bavarian Nordic A/S компаниясы маймыл шешегіне қарсы MVA-BN вакцинасын жасап шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталмыш вакцинаны мақұлдап, маймыл шешегіне қарсы алғашқы ем деп атады.
MVA-BN вакцинасын 18 жастан асқандар араға 1 ай салып, екі дозада инъекция түрінде алуына болады.
Бұл вакцина аурудың таралуын тежеп, алдын алады дейді.
Бұған дейін ДДСҰ Африкадағы маймыл шешегінің індетін халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық эпидемиологиялық төтенше жағдай деп жариялады.
Еске салсақ, бұған дейін маймыл шешегінің өршуіне байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілетіні айтылды. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда маймыл шешегінің таралу қаупіне баға берді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр