Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ: Коронавирустың үшінші толқыны таяды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың үшінші толқыны таяғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус соңғы төрт аптада ауру жұқтырғандардың саны артып, COVID-19-дан көз жұмғандар көбейіп кеткенін алға тартады. Бұған себеп дельта штаммының таралуы дейді. Сонымен қатар адамдардың жан-жаққа емін-еркін қатынауы да жағдайды ушықтырып тұр. 

Гебрейесус әлем елдерінің вакцинамен қамтылуына да назар аударды. Сөзінше, мемлекеттер арасындағы вакцинаның үлестірілуінде үлкен диспропорция бар. Сол себепті де әр елдегі эпидемиологиялық ахуал әртүрілі. Кейбір мемлекеттер әлі де коронавирустың құрсауында, дейді ДДСҰ басшысы. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың төртінші толқыны басталатынын айтқан еді.  


Pfizer компаниясы вирустан қорғану үшін вакцинаның үш дозасын салу керектігін мәлімдеді

Талқылау