ДДСҰ коронавирусқа байланысты өлім-жітімнің өсуі туралы ескертті
Коронавирустың өлім-жітім деңгейіне қатысты жағдай тұрақтанбайды. Инфекция жағдайларының өсуімен қатар өлім-жітім де артады. Бұл туралы ДДСҰ бас ғылыми қызметкері Сумя Сваминатан айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша реанимация бөлімшелерінде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны артып келеді. Ол өлім-жітімнің өсуі әрдайым жағдайлардың артуынан екі аптаға артта қалатынын еске салды.
"Дүниежүзілік өлім-жітім күніне шамамен 5000 жағдайға дейін төмендегенімен (сәуірде бұл көрсеткіш 7500 жағдайға жетті), біз бұған бейжай қарамауымыз керек", - деді Сумья Сваминатан.
Жалпы, пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде 38 миллионнан астам адам жұқтырды, 1,1 миллион пациент көз жұмды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды