ДДСҰ: 1,8 миллиард адамға COVID-19 жұқтыру қаупі төніп тұр

Дүние жүзі бойынша шамамен 1,8 миллиард адамның ауруханаларда сумен жабдықтау проблемаларына байланысты COVID-19 және басқа инфекцияларға шалдығу қаупі жоғары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сайтында COVID-19-ға байланысты қауіптер туралы хабарланады.

коронавирус

ДДСҰ мәліметінше, әлемдегі әрбір төртінші аурухана сумен қамтамасыз етілмеген, ал әрбір үшіншісінде қол гигиенасына қажетті құралдар жоқ.

"Су, санитария және гигиена медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігі үшін өте маңызды, бірақ бұл қызметтерге әрдайым басымдық берілмейді", - делінген хабарламада.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адан Гебрейесустың айтуынша, мекемелерде тиісті гигиена сақталмаған жағдайда медициналық қызметкерлердің қызметі қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеумен барабар. Ол сумен жабдықтау, санитария және гигиена коронавируспен күресте үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Мұндай қиындықтарды еңсеру керек, әсіресе даму жағынан артта қалған елдерде. Ал мәселені шешу үшін аталған санаттағы елдердің әр тұрғынына бір миллиард доллар инвестиция қажет.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр