Дәурен Айдарқұлов үшінші рет шаңырақ көтерді

Танымал актер, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі қуанышты жаңалықты жеке парақшасында жариялады.
“Мен үйлендім. Аллаға шүкір", – деп жазды ол.
Актердің бұрынғы жұбайы, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова екі жасқа бақыт тіледі.
“Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын", – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары өнер иесінің жеке өмірін қызу талқылап жатыр.
“Осының үйленуі де, ажырасуы да тез”, “Ақботамен күшті жарасатын еді”, “Бақытты болыңдар”, “Бірінші әйелінен де, екінші әйелінен де балалары бар, әйелге тоймайды екен”, “Мәһрге айфон сұраған шығар”, “Ақботаға ұқсайтын қыз алыпты”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Дәурен Айдарқұлов экс жұбайы Ақбота-Нұрға алғыс білдірген еді.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Мамандар инициация – бозбала мен бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуын қабылдау қаншалықты маңызды екенін айтты
Қазақстандық ер адам үш баладан кейін вазэктомия жасауға бел буды: Алайда дәрігер әйеліне ота жасауға кеңес берген
Диас тұңғышы дүниеге келгенде-ақ әйеліне бір баламен шектелуді ұсынған