Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Менімен ақылдасты: Дәурен Айдарқұлов Ақботаның хиджаб кигеніне қатысты пікірін айтты

Дәурен Айдарқұлов бұрынғы жары Ақботаның хиджаб кигеніне байланысты көзқарасын білдірді. Әншінің орамал таққанын қолдайтынын айтты. 

Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды. 

Дәурен Айдарқұлов бұрынғы әйелі Ақботаның орамал таққанын қолдамаса, қарсылық білдірмейді. Бұл туралы әншінің өзіне де айтқан екен.

"Біз Ақбота екеуміз бұл тақырыпта сөйлескенбіз. Мен оның орамал таққанына қуанамын. Ниетіңе қарай болады. Бастысы намаз оқимын деп ниеттеніп жатырсың. Сол ниетіңнен бас тартпа. Ниетің дұрыс болса, әрі қарай әрдайым орамал тағып жүру керек екенін түсінесің. Иманың күшейеді деп айттым", - деді Айдарқұлов. 

Айдарқұловтың өзі бес уақыт намаз оқиды. Бір сұхбатында алдағы уақытта оранған, намаз оқитын, иманды қызға үйленгісі келетінін айтқан еді. Осыдан соң Ақбота Сейтмағамбет орамал тағып, көпшілік алдына шықты. Алайда көп уақыт өтпестен орамалын шешіп тастады. Көпшілік әншінің бұл әрекетін ұнатпай, сын астына алды. "Жаңа құрбан": Бірге суретке түскен Дәурен Айдарқұлов пен Бибігүл Ақтан қызу талқыға түсті


Дін өкілдері де әншілерге орамалдың қадірін кетірмеу керек деген ескерту айтты. 


"Әр адамның өмірі өз қалауы ғой. Қалай киінеді, қалай жүреді", "Осылардың өмірі кімге керек бір ерлік жасағандай", "Иман туралы басқа адам айтса болмай ма?", "Ақбота орамал таға ма, шеше ме ешкімге қызық емес", "Ақбота орамалын баяғыда шешіп тастаған", "Орамал тақса, ниеті дұрыс деген сөз", "Сізбен ақылдасқаны дұрыс болыпты", "Ақбота орамал тағу үшін сізден рұқсат сұрап жүр ме?", - деп жазды желідегілер. 

Талқылау