Дәурен Айдарқұлов әншілік қабілетімен таңғалдырды (видео)
Ақбота Сейтмағамбеттің күйеужігіті, танымал әзілкеш Дәурен Айдарқұлов жанды дауыста орысша ән айтып, желі оқырмандарын әншілік қабілетімен таңғалдырды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Дәурен дыбыс жазу студиясында кезінде Роза Рымбаева орындаған “Любовь настала” әнін айтты.
Әзілкештің талантына тәнті болған желі оқырмандары оған келіншегімен бірге отбасылық дуэт құруға кеңес берді.
“Даусыңыз керемет екен, Дәке”, “Кәсіби әншілерден кем түспейсіз”, “Тағы бір отбасылық дуэт”, “Ақбота екеуіңіздің бірге айтатын ойларыңыз жоқ па?”, “Супер”, “Керемет”, “Валерий Леонтьев”, “Даусың неткен мықты, нағыз әншісің ғой, Ақботамен бақытты бол”, “Тойыңызда ән айтасыз ба?” – деп пікір білдірді желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш ұмытылмас тосын сыйы туралы айтып тыңдармандарын қуантты
Димаш Қытай қалаларын аралап, концерттік кештерге қатысуын бастап кетті
Алтынай Жорабаева: Қытайлардың Димашқа бас жүлде бермейтінін білгем