Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Абаев президент әкімшілігіне ауысты

Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Абаев

"Абаев Даурен Әскербекұлы Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалсын", - делінген президент үкімінде.

"Құрмет" орденінің иегері Дәурен Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. 

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін,  2006 жылы Нидерландының Лейден университетін, 2014 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық  институтын бітірген.

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд корольдігіндегі елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы президенті протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында - Қазақстан Республикасы президенті баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан - Қазақстан Республикасы президенті пкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылдың қазанында мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

2011 жылғы шілдеден - Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі.

2016 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрі.

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы президент жарлығымен Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

2020 жылы 4 мамырда Дәурен Абаев мемлекет басшысының бұйрығымен Ақпарат және коммуникациялар министрі лауазымынан босаталып, Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. 


Мәулен Әшімбаев парламент сенатының депутаты болып тағайындалды 

 

 

Талқылау