Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында үш ауылдың атауы өзгерді

Ақмола ауданы Зеренді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алмат Балтағарин аймақта ономастика мәселесі бойынша атқарылған жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Оның сөзінше, ауданда екі ауылдың атауы өзгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еленовка

Алмат Балтағарин 2019-2020 жылдары идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды ұлттық танымға сәйкестендіру мақсатында 5 елді мекеннің атауы ауысқанын атап өтті.

“Сондай-ақ 30-дан астам құрамдас бөліктердің атауы жаңартылды. Ономастика саласы бойынша жұмыстар жалғасуда. Есепті кезеңде қауымдастық өкілдері және жергілікті тұрғындардың қатысуымен жиын өтіп, Семфирополь мен Глубокое ауылдарының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Қазір бұл ауылдардың құжаттары облыстық ономастика комиссиясына жолданды", – деді ол.

Оның айтуынша, Семфирополь ауылының атауы Тұран, ал Глубокое ауылы Орманды деп өзгерген. 

"Семфирополь ауылының атауын өзгерту кезінде көп дау болды, екі рет жиын өтті. Жастардың қалауымен тарихи атауы қайтарылды. Сонымен қатар тағы төрт ауылдың құрамдас бөліктерінің атауын ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ал Еленовка ауылының атауы Самалтау деп өзгертіледі. Қазір бұл шешім аудандық мәслихат депутаттарының қарауында", – деп қосты. 

Алмат Балтағариннің Зеренді ауданында ономастика мәселесі бойынша атқарылатын жұмыстардың көп екенін айтады. Жол картасына сәйкес алдағы уақытта жұмыстар жалғасады. 

"Жоспар бойынша Зеренді ауданында 30-дан аса көшенің атауын ауыстыру жұмысы қолға алынды. Жергілікті қауымдастықтан Ивановка және Красиловка ауылының атауын өзгерту туралы ұсыныс түсті", – деді ол. 

Талқылау