Ұзын-сонар кезекте тұр: Алматылықтар дәріханаларды да талан-таражға салуда
Елімізде коронавирусты жұқтырғандардың саны көбейюіне байланысты Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары 19 наурыздан бастап карантинге жабылады. Бұл жаңалықтан кейін тұрғындар барынша қарманып қалуды ойлауда. Азық-түлік дүкендеріндегі талан-тараждан кейін дәріханалардың есік алдында ұзын сонар кезек кетпей тұр. Stan.kz тілшісі Алматыдағы ірі дәріханалар желісіндегі жағдайды өз көзімен көріп қайтты.

Қаланың каратинге жабылатынын естіген тұрғындардың біраз абыржығаны жасырын емес. Бір айға жеткілікті азық - түліктерін, дәрі-дәрмектерін алып қалуға асығуда. Жығылғанға жұдырық болып доллар бағамының шарықтап тұруы да халықтың жанталасына себепші болуда.
Бүгін таңғы уақыттан бастап Алматы қаласындағы ірі дәріханалар желісінде адам қарасы көп жиналып, кезектің соңы сыртқа шығып тұрды.

Кезекте тұрғандардың арасында вирустан қорғануға көмекші құрал медициналық маска мен антисептиктен бөлек түрлі дәрілерді алып қалу үшін де келгендер бар.

Дәріхана қызметкерінен кезектің саны жиі осылай бола ма деп сұрағанымызда:
"Коронавирусқа байланысты карантин жарияланған соң адам көбейді", - деп қысқа жауап берді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған