Дәрігерлер Павлодарда 10-қабаттан секірген қыздың жағдайын айтты
Павлодарда зорлыққа ұшыраған соң 10-қабаттан секіріп кеткен16 жастағы Ксенияның өмірі үшін облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бір айдан астам уақыт бойы күресіп жатыр. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, жәбірленушінің жағдайы жақсармай жатқанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Оbozrenie.kz порталына сілтеме жасап.

Жасөспірімнің іш қуысына бірнеше күрделі ота жасалған. Соңғысы 7 қыркүйекте өткен.
“Балаға бас сүйек-ми жарақаты, омыртқа және басқа да сүйектердің көптеген сынықтары, ауыр зардаптарға әкеп соққан іш құрылысы жарақаты анықталды. Болжам ауыр”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлер Ксенияның жағдайы ауыр екенін, бүгінде науқас жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.
Дәрігерлер қазір Нұр-Сұлтан нейрохирургия орталығының республикалық мамандарымен байланыста. Емдеу тактикасы елордалық мамандармен келісілген.
Еске салсақ, Павлодарда зорлық көрген 16 жастағы жетім қыз 10-қабаттан секіріп кеткен болатын.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі