Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер магнит жұтып қойған баланың денсаулығы туралы айтты

Алматыда 38 магнит шарын жұтып қойған 5 жасар баланың денсаулығы жақсарып келеді. Бала жақын күні жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылады.

Бұл туралы балаларға жедел жәрдем көрсету орталығының қабылдау бөлім меңгерушісі Ерлан Меңдіғалиев айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

“Бала өздігінен дем алады, операциядан кейінгі жағдайы бір қалыпты. Есін жиды, сөйлеседі. Әлбетте, беті бері қарап келеді. Бәрі ойдағыдай болса, әлі 7-10 күндей ауруханада болады. Қазір жансақтау бөлімінде, палатаға бір-екі күнде ауыстырып қаламыз”, — деп мәлімет берді Меңдіғалиев.

Дәрігердің айтуынша, бала магнит шариктермен ойнап жүріп, жұтып қойған.

Еске сала кетейік, соқырішек ауруымен түскен 5 жасар баланың ішінен 40-қа жуық магнит шар табылды. Шарлар ішекті бітеп тастаған

Ребенок 5 лет поступил с болями в животе. Клиника острого аппендицита. На операции странгуляционная кишечная непроходимость. При ревизии обнаружили инородные тела кишечника, к которым прилипали инструменты. Одна группа магнитов скопом находилась в нижнем отделе кишечника, и один магнит выше. Слиплись, образовавшимся дефекте ущемилась кишка. Через пупок вытащили кишку и инородные тела (магниты 38 штук). #детскийхирург #инородныетела #магниты #лапароскопия #дети #цднмп #обрезание

Публикация от Детский хирург Алматы (@detskiikhirurg)

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында 7 жасар бала мектеп ауласындағы арыққа құлап, қайтыс болды

Әкесі байқаусызда екі жасар ұлын өлтіріп қойды

Жамбыл облысындағы ауылдарды топан су басып, көліктерді ағызып әкетті

Маңғыстау облысындағы жол апатынан 7 адам тірідей өртеніп кетті (видео)

 

Талқылау