Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 7 жасар бала мектеп ауласындағы арыққа құлап, қайтыс болды

Алматы облысында жаға ұстатарлық жағдай. Екінші сынып оқушысы мектептің ауласындағы арыққа түсіп, қайтыс болды. Баланың өлі денесін мектеп директорының өзі іздеп тауып алған. Куәгерлер сол күні арықтың ағысы өте қатты болғанын айтады. Оқушының мүрдесі жардан табылыпты.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Айдың күннің аманында арыққа түсіп қайтыс болған 7 жастағы баланың өлімі бүтін бір ауылды аяғынан тік тұрғызды. Қапыда баласынан айырылып қалған ата-ана сұхбат беретіндей жағдайда емес. Бірақ оқушының туған апасы мен мектеп директоры оқиғаның мән-жайын толықтай баяндап берді. Қайтыс болған оқушыға жақын туысы болып келемін деген мектеп басшысы баланың мәйітін арықтың суы 100 метрдей жерге ағызып жіберген дейді.

“Су қазір аз болып тұр. Сол күні су өте көп болған. Мол болып су аққан. Сол кезде бала сумкамен мына жақтан келе жатқанда құлаған. Құлағанда кішкентай арықпен, қазір кішкентай ғана су, сол кезде көп болып тұрған, баланы сумен алып кеткен”, – дейді мектеп директоры Қуат Есдәулетов.

Демек, екінші сынып оқушысы мектептің сыртымен емес, қоршаудың ішімен жүріп, әдеттегідей үйіне төте жолмен жетпек болған көрінеді. Себебі баланың үйі тура мектептің жанында орналасқан. Кешкі сағат бестен он бес минут кеткенде сабақтан қайтқан оқушыны 15 минуттан соң анасы іздей бастапты. Іздеуге мектеп директоры да қосылып, баланың  мүрдесін үйінің жанындағы жардан кешкі жетілер шамасында тапқан екен.

“Сөмкесі ауыр болған. Аяғында резеңке етік болған. Мына бұтақтар бет-ауызын тырнаған, одан басқа ештеңе жоқ. Басы тасқа тиген бе екен, маңдайының төбесінде кішкентай гематома бар”, – дейді марқұм баланың әжесі Ләззат Кравченко.

Бастапқыда баланың өліміне арықтың тазаланбауы себеп деген туыстары, енді баланың ажалы табиғаттың залалынан келді дейді. Бірақ  көңіл айтып келген ауылдастар былай дейді.

“Ауылда малымыздың бәрі судың астында қалды алдыңғы күні. Тек кеше жасай бастады. Тасқын болған кезде әлі ештеңе жасалынбаған еді. Бәрі біткеннен кейін, іске кірісе бастады. Оны баяғыда жасаулары керек еді”, – дейді ауыл тұрғыны Айсара Бектұрғанова.

Ауыл әкімі қайғылы жағдай болған күні мектептің ауласындағы арықтың ағысы қатты болды, бірақ арнасынан аспады дейді. Айтуынша, судың тереңдігі тізеден сәл төмен болыпты.

Ал қайтыс болған Санжар Есдәулетов екінші сыныпта оқыған. Отбасында үш ағайынды, өзі үйдің ортаншысы екен. Санжар мектептің ауласындағы арыққа түсіп қайтыс болды дегенге сену қиын. Себебі, бүгін судың арнасы тынышталып, суреттегі Санжар сияқты мөлдіреп қана ағып жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Әкесі байқаусызда екі жасар ұлын өлтіріп қойды

Жамбыл облысындағы ауылдарды топан су басып, көліктерді ағызып әкетті

Маңғыстау облысындағы жол апатынан 7 адам тірідей өртеніп кетті (видео)

Атыраудағы жатақхана өрті: Аман қалғандар оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Талқылау