Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер күніне неше мандарин жеуге болатын айтты

Ресейлік дәрігерлер күніне қанша мандарин жеуге болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мандарин жеудің зияны

Мамандар мандариндерді ақ қабықшаларымен бірге жеген дұрыс екенін айтады. Сөздерінше, мандариннің пайдасы зор, оның құрамында С дәрумені бар. Бұған қоса, мандарин колориясы аз өнім болып табылады. 

"Күніне төрт мандарин жеген дұрыс", - дейді ресейлік дәрігер Фатима Дзгоева. 

Бұған қоса тағы бір ресейлік маман Екатерина Бурляева мандарин әсіресе, арықтағысы келетіндер үшін таптырмас өнім екенін атады. 

"Мандариннің құрамында С витамині, В тобының витаминдері, А витамині, каротин, кальций, магний, фосфор секілді пайдалы минералды элементтер көптеп кездеседі", - дейді Бурляева. 

Сондай-ақ, ол цитрус жемістің ақ қабықшасы қант диабетіне шалдыққандар үшін пайдалы екенін жеткізді. Өйткені ол қарапайым көмірсулардың сіңуіне әсер етеді. 

Десек те мандариндерді ас қорыту жүйесінің аурулары асқынған және аллергиясы бар адамдарға жеуге болмайды. 

Сонымен қатар, мандариндерді аш қарынға жеуге кеңес берілмейді, дейді сарапшылар. 

Талқылау