Дәрігерлер Қарағанды облысында құлаған әскери ұшақ пилоттарының халі туралы: Ми шайқалуы, күйіктер мен басқа да зақымдар келген
Қарағанды облысында құлаған әскери ұшақтың екі пилотының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қарғанады облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев айтып берді.
"Айтқанымыздай жағдайлары орташа ауырлықта. Ұшқыштардың қимыл-тірек аппаратына зақым келген, бас миының шайқалуы, жеңіл күйіктер секілді жарақаттар алған. Оларға толығымен тексеріс жасалып, енді ем шаралары тағайындалды. Пилоттардың жай-күйі тұрақты деп айтуға болады", - деді басқарма басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында арты қайғылы оқиғаға айнала жаздаған әскери ұшақ апаты орын алған еді. Қазір аталған жайт бойынша тексерістер жүргізілуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі