Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер ықылық тию қауіпті аурудың белгісі екенін айтты

Британдық ғалымдар жиі ықылық тию онкологиялық аурудың барын меңзеуі мүмкін деген тұжырымға келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп. 

Дәрігерлердің пікірінше, көп жағдайда ықылық өңеш обырының пайда болуын білдіруі мүмкін. 

“Асқазаныңыз дұрыс жұмыс істемей жатқанын байқасаңыз және ішіңіз себепсіз үлкейсе, обырдың белгілері пайда болуы мүмкін. 48 сағатқа созылған ықылық медициналық көмекті дереу қажет етеді”, – дейді Хуссейн Абдех.

Өңеш обыры – асқазанның шырышты қабығында пайда болатын қатерлі ісік. Бұл аурудың негізгі симптомы – алдымен қатты тағамды, кейінірек сұйық тағамды жұтудың прогрессивті бұзылуы, сондай-ақ дене салмағының төмендеуі.


Дәрігер денсаулықты сақтап әрі ұзақ өмір сүруге көмектесетін бес факторды атады 


Қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетін негізгі факторларға ыстық, ауыр және нашар шайналған тағамдарды үнемі қабылдау, алкоголь ішу, темекі шегу, сондай-ақ өңештің термиялық және химиялық күйіктері жатады.

 

Талқылау