Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер француз азаматына екінші рет өзге адамның бетін ауыстырып салды (фото)

Әлемдегі беті ота арқылы екі рет ауыстырылған ер адам өзі жайлы айтып берді.

Джером Амон есімді француз азаматына бірінші дәрежелі нейрофиброматоз диагнозы қойылған. 2010 жылы оған донордың беті салынды. Хирург Лорен Лантьери бет ауыстыру отасы бойынша бірінші рет әрбір бөлшекке дейін трансплантация жасағанын айтты.

2015 жылы Амон суық тиіп ауырып, дәрі ішкен. Ол трансплантация жасағандардың ішуіне болмайтын дәрі болғандықтан беті бүліне бастайды. Сондықтан 2017 жылы бетін қайта алуға  тура келеді.

Донор екі ай бойы табылмағанықтан, Амонның көзі көрмей, құлағы естіген отырған. 2017 жылы қаңтар айында қайта жаңа бет салды. Отаны сол хирург жасады.

Ота жасағаннан бері 3 ай уақыт өткенімен, Амон әлі де ернін қозғалта алмайды. Бет терісі мен бөлшектері де оның денесімен толық сәйкес келмейді. Бұған қарамастан ер адам өзінің жазылып кететініне сенеді.

«Бүгін өзімді жақсы сезініп тұрмын. Кейде күшім қалмай қалады. Бәрінен қиыны емделіп, дәрілерді күнделікті ішу. Менің жасым 43-те. Ал донор 22 жаста болған. Сондықтан мен қайта жасарып, қазір жасым 22-де», – деп әзілдейді ол.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда көз жұмған оқушы өлерінен бір күн бұрын ермексаздан ажал белгісін жасаған

Алматы облысының екі тұрғыны құлағы мен мұрнына ота жасатамыз деп дәрігерлерден опық жеп отыр

Діни басқарма жасанды ұрықтандыруға қатысты пәтуа шығарды

Талқылау