Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды (фото)
Ақмола облысының дәрігерлері 39 жастағы көкшетаулықтың басына қадалған екі оқты алып, өмірін аман алып қалды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен аптада Ақмола облыстық ауруханасына 1978 жылғы Шангин есімді ер адам түскен. Науқастың мұрын қуысына екі оқ қадалып қалған екен. “Жағдайы нашарласа, науқас көзінен айырлып, бақилық болуы мүмкін еді. Десе де, дәрігерлердің жоғары біліктілігінің арқасында науқасқа эндоскопия жолымен ота жасалып, басына қадалған екі оқ алынды. Қазір науқастың жағдайы жақсы”, – дейді Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайков.
ІІД мәліметіне сүйенсек, науқас жиі ішімдік ішіп, үйінде жанжал шығарады екен. Осындай жанжалдардың бірінде ашуға бой алдырған ұлы әкесін мылтықпен бас тұсынан екі рет атып жібереді. Қазіргі таңда аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жіберіп алмаңыз:
Оралда саунаның төбесіне шығып ойран салған қызды арқанмен байлап түсірді
Қостанай облысында 20 келі көмір ұрлаған әйелді соттады
Елбасының Өзбекстан мен Қырғызстанның бұрынғы президентімен боулинг ойнаған сәті жарияланды (видео)
Милиция қызметкері 4 жасар қызын ұрып-соғып, видеосын интернетке таратқан