Дәрігерлер бас ауруын тудыратын өнімдерді атады
Бас ауруын тудыратын бірнеше фактор бар. Олардың бірі - зиянды тағамдар. Бұл туралы "Аргументы и факты" басылымына Ресей президенті әкімшілігінің орталық клиникалық ауруханасының невропатолог-дәрігері Валерий Куваев айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әр адамның бас ауруына әсер ететін әртүрлі фактор бар. Бірақ көбінесе бұл бір тағамға реакция түрінде болады.
Қызыл түсті және көбікті шараптар бас ауруына себеп болады екен. Сонымен қатар, сүтті шоколад та ауруды тудыратын көрінеді. Бірақ тәттінің әсері алкогольді ішімдіктерге қарағанда аз.
Алайда дәрігер тамақ пен сусынға қарағанда аштықтың әлдеқайда қауіпті екенін айтты.
"Үнемі бас ауруы туралы күнделік жүргізу керек. Бұл сізге бас ауруына қандай факторлардың, соның ішінде қандай тағамның әсер еткенін анықтауға көмектеседі. Егер сіз шоколад пен ауырсыну арасындағы тікелей байланысты тапсаңыз, одан бас тартыңыз", - деп кеңес берді дәрігер.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды