Дәрігер "жаралы жүрек" синдромы өлімге алып келетінін айтты
Кейбір жағдайларда қатты эмоционалды уайым немесе күйзеліс өлімге әкелуі мүмкін. Хирург Каран Раджан жаралы жүректің денсаулыққа әсері туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маман стресс гормонының кенет жоғарылауына байланысты дені сау адамда кардиомиопатиялық такоцубо деп аталатын “жаралы жүрек” синдромы дамуы мүмкін екенін түсіндірді. Дәрігердің айтуынша, бұл жағдай кенеттен пайда болады және соның кесірінен адамның кеуде тұсы ауырып, жиі ентігеді, электрокардиограмма көрсеткіштері ауытқиды.
“Мұның барлығы инфарктқа ұқсас, алайда такоцубоның жалғыз айырмашылығы – коронарлық артериялар бітелмейді", – деді Раджан.
Дәрігер стресстік кардиомиопатиядан болатын өлім қаупі төмен дейді. Дегенмен ол кейде өлімге әкелуі ғажап емес. Сондай-ақ ол жаралы жүрек синдромы тек жағымсыз емес, жағымды эмоциялар да тудыруы мүмкін екенін қосты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы