Дәрігер қан қысымын дәрісіз-ақ қалыпқа келтірудің жолын атады
Мемлекеттік ағарту университетіндегі медицина факультеті терапия кафедрасының доценті Ирина Волгина қан қысымын дәрісіз қалыпты деңгейде ұстаудың жолын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: gkb81.ru
"Вегетативті дисфункция кезінде артелиялық қан қысымын өмір салтын дұрыстау арқылы сақтауға болады: дұрыс тамақтану, физикалық ауыртпалықты қалыпқа келтіру, ұйқы режимін сақтау", – деді ол.
Дәрігердің сөзінше, егер қан қысымы жүктілік кезінде немесе физикалық белсенділік кезінде түсіп кетсе, мұны ұйқы арқылы қалыпқа келтіруге болады. Құрамында кофеин бар сусындар қан қысымын тек қысқа мерзімге көтереді. Алайда салдарынан тамыр соғысы жиілеп кетуі мүмкін дейді.
Сондай-ақ кафедра доценті қан қысымы қауіпті аурулардың кесірінен түсіп кетуі мүмкін екенін ескертті. Соның ішінде жүрек ауруы, эндокриндің патология, ми мен бауыр ауруы бар. Бұл кезде маманның кеңесінсіз, үйде емделуге болмайды, деп түсіндірді дәрігер.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды