Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер иммунитет үшін ең маңызды элементті атады

Магний – адам ағзасы үшін маңызды минералдардың бірі. Ол иммунитетті ұстап тұру үшін қажет элемент болып табылады. Бұл туралы медицина ғылымының докторы, диетолог Римма Мойсенко “Sputnik радиосына” берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

магний

"Магний ағзада болатын 300-ден аса химиялық реакцияға жауап береді. Егер магний деңгейі төмен болса, иммундық жауапқа қатысатын қалқанша безінің қызметі баяулайды, кортизол мен адреналин бөлінуі нашарлайды. Сонымен қатар магний аз болса, жасушалар арасындағы бос орын майларға толады. Бұл артық салмаққа әкеп соғуы мүмкін. Әрі қышқылдық орта сілтілік ортаға қарағанда басымдыққа ие болады. Демек, патогендік флора өседі деген сөз", – деп түсіндірді диетолог. 

Дәрігер күз кезінде, түрлі инфекциялар тараған уақытта магнийдің жетіспеушілігі қауіпті болуы мүмкін екенін қосып өтті. Бұған жаздың ыстық болуы да әсер етеді дейді.

"Жазда ауа температурасы жоғары болды. Тер бөліну кезінде магний азайды. Бұл иммундық жүйенің төмендеуіне әсер етеді", – дейді дәрігер. 

"Магний сабырсыз, ашушаң, тез шаршайтын адамдарда үнемі жеткіліксіз болады. Магнийдің деңгейін анықтау үшін қан сараптамасын өткізуге болады", -  деп қосты диетолог. 

Дәрігер магний деңгейін көтеру үшін ағылшындық магний тұзын, магний ваннасын, магний қоспасын қолдануға болатынын айтады. Сонымен қатар магний жаңғақ, жидектер мен жасыл шәй, дәнді дақылдар мен қауынның кұрамында көп мөлшерде болады. 
 

Талқылау