Дәрігер бет терісін жасартудың ең қарапайым әрі тиімді әдісін атады
Остеопатиялық дәрігер Пунам Десай бет терісінің қартаймауы үшін қолданылатын тиімді тәсілді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Маман сұлулықты сақтаудың ең қарапайым әрі тиімді тәсілі салқын душ екенін алға тартты. Айтуынша, жасартатын әсер алу үшін суық судың астында екі-үш минутты тұру керек.
“Процедураны аптасына бірнеше рет қайталау керек. Бұл әжімдерді азайтуға және теріні серпімді етуге көмектеседі. Сонымен қатар, суық душ стрессті, қабынуды азайтады және тіпті ұйқыны жақсартады", — деді Десай.
Дәрігер күнделікті өмірде барынша душ пен ваннаны суықтау етіп қабылдауды ұсынды.
Алайда бұл процедураның ұзаққа созылмауы керек екенін ескертті. Сонымен қатар, ол алдымен дәрігермен кеңесуді ұсынды. Өйткені жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға жасартудың бұл әдісін қолдануға болмайды.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психиатр сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады