Дариға Назарбаева "Целинный" орталығындағы жабық іс-шарада бой көрсетті
Фото: Kursiv LifeStyle
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева "Целинный" орталығының жабық іс-шарасында бой көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеке іс-шара 8 қыркүйекте жаңартылған заманауи мәдениет орталығында өтті. Айта кетейік, "Целинный" орталығына үш күн ішінде Назарбаевадан бөлек 12 мың қонақ келген. Куәгерлер Назарбаеваның шараға жалғыз келгенін, жанында оққағарлары болмағанын айтты.
Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев ұлын көпшілікке көрсетті
Назарбаевтың табанды еңбегіне әділ баға беру қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев
Айта кетйік, Дариға Назарбаева "Целинный" заманауи мәдени орталығының негізін қалаушы Қайрат Боранбаевтың бұрынғы құдасы. Боранбаевтың қызы Әлима Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанға тұрмысқа шыққан еді. Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы көз жұмды.
Еске салсақ, бұған дейін Дариға Назарбаева Дубай әуежайында көзге түскен еді.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?