Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева: Бізде ет бар, бірақ ол нарықта неге қымбат?

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева ет өндірісі саласының қазіргі жағдайына арналған кездесуде өнімнің нарықтағы бағамына назар аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дариға Назарбаева: Ер адамдар 45 жастан асқан әйелдерді кәрі деп санайды

Кездесуге еліміздің мемлекеттік органдарының өкілдері және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысты.

Бірінші болып сөз алған ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Қазақстандағы мал шаруашылығының қазіргі күй-жайымен таныстырды. 

Ол ет өндірісі еліміздегі негізгі салалардың бірі екенін айта келіп, өткен жылы 1,1 млн тонна ет өндірілгенін жеткізді.

"Отандық ет өнімдерінің экспорты айтарлықтай емес. 2019 жылы 372 тонна шұжық және 769 тонна консерві өнімдері экспортталды. Сонымен қатар, Қазақстаннан 156 063 ірі қара және 263 737 ұсақ мал сыртқа жөнелтілді", - деді А. Сапаров.

2019 жылдың қазан айында елімізден ірі қара мен саулықтарды сыртқа шығаруға тыйым салынғанына қарамастан 26 781 ірі қара және 22 272 бас ұсақ мал әкетілген.

"Бізге тек көлеммен ғана емес, сапамен де, бағасымен де алуымыз керек. Ет дәмді, сапалы және бағасы қолжетімді болуы тиіс. Бүгін біздің қолымызда не бар? Ет бағасы өте тез өседі. Бізде ет бар, бірақ біздің нарықта неге қымбат? Оның үстіне, біздің еліміз бен халқымыз етті бағдарға алады. Маңыздылығы жағынан наннан кейін екінші өнім – ет", - деді сенат төрағасы.

Сондай-ақ, қайта өңдеу өнеркәсіп орындарының басты мәселелері де сөз болды.

"Біздің қайта өңдеу кәсіпорындарының мәселесі – қуаттардың толық іске қосылмай тұрғаны", - дейді БҚО-дағы «Кублей» серіктестігінің бас директоры Талғат Берекешев.

Оның айтуынша, ет комбинаттары 40-45% қуатында жұмыс істеп тұр. 

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің бүгінгі күні қолданыстағы өнімді мал шаруашылығы жөніндегі бағдарламасы басты себеп болуда. Оған сәйкес, барлық субсидиялар өндірістік кәсіпорындарда шикізатты қайта өңдеуге емес, бордақылау алаңдары арқылы жіберіледі. Сондықтан фермерлер малды ет комбинатына емес, бордақылау алаңына тапсырса ғана малға субсидия алады. Яғни, олар бізге ет беруге құштар емес. Ал бордақылаушыларға экспорт тиімді, сондықтан субсидиямен алынған мал сатып алушыларға кетеді", - деп атап өтті Т.Берекешев.

Дариға Назарбаеваның айтуынша, әр зауыт ең болмағанда 90% қуатында жұмыс істеген болса, онда өнім көлемі мүлдем басқа әрі нарықтағы бөлшек баға да басқа болады, бұл ретте делдалдар азаяды.

"Қазір біз халық тамағының тоқ болуын, негізгі азық-түліктің қолжетімді болуын ойластыруымыз керек. Бұл біздің басты міндетіміз. Ауыл шаруашылығының алдында сала ретінде басымдықтар бар. Қазақстандықтар туралы ұмытпайық. Олардың дастарқанында қолжетімді дәмді ет болуы керек. Алдымен азық-түлік қауіпсіздігін ойлау керек. Өз еліміздің тоқшылықта болуы маңызды", - деді ол.

Сонымен қатар, сенат төрағасы ет саласының жеңіл өнеркәсіппен байланысына да тоқталды.

"Малды сою - бұл да маңызды мәселе. Себебі терінің сапасы бізде жеңіл өнеркәсіптің дамуына әсер етеді. Бұл мәселеге барлық жағынан кешенді түрде қарау керек", - деді Дариға Назарбаева.

Сенат басшысы кездесуді қорытындылай келіп, парламенттік тыңдаудан кейін де жұмыс жалғасатынын атап өтті.

"2020 жылдың соңына - 2021 жылдың басына қарай Агроөнеркәсіпті дамытудың жол картасы дайын болады. Зерделі заңдар мен ережелер қабылдануы керек. Сіздермен мүддеміз ортақ – ауыл шаруашылығымызды көтеру, отандық өндірістің дәмді әрі арзан өнімдері дастарқанда мол болуы үшін бай ел болу керек. Оны қарапайым заттардың экономикасы дейміз", - деді Д.Назарбаева.

Талқылау