Данэлия Төлешова қазақша әнге бейнебаян түсірді (видео)
Украинада өткен “Голос.Дети” байқауының жеңімпазы, жас әнші Данэлия Төлешова шығармашылығындағы жаңалығымен қуантты. Ол қазақша-ағылшынша әнге түсірген бейнебаянын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тың туынды “Өзіңе сен” деп аталады. Бұл – Данэлияның репертуарындағы екінші әнбаян.
Трек қазақ және ағылшын тілдерінде жазылған. Бір қызығы, қазақ тіліндегі ән мәтінінің авторы Данэлияның өзі екен. Ол әннің сөзін Камила Даировамен бірлесіп жазған. Ал туындының сазы мен ағылшын тіліндегі мәтін украиналық авторларға тиесілі.
Айта кетейік, күні кеше жарыққа шыққан бейнебаянды 13 мыңға жуық жан тамашалап үлгерген. Олардың басым дені Төлешованың жаңа жұмысын жоғары бағалап, табыс тілеуде.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды