Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионы атанды
Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия біріншілігінде ел құрамасы қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық Данияр Шәмшиев 73 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда өзбекстандық Муроджон Юлдошевтің осал тұсын жылдам тапты. Данияр "иппон" арқылы жеңіске қол жеткізді. Нәтижесінде белдесу уақытынан ерте тоқтатылды.
Айта кетсек бұдан бұрын құрлықтық додада әйелдер арасында Абиба Абужакынова (48 келі) күміс медаль алды. Ал ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мағжан Шәмшадин пен Ғұсман Қырғызбаевтың (66 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.
Еске салсақ, құрлықтық дода 4-7 тамыз күндері аралағында болады деп жоспарланып отыр. Оған Азияның 19 елінен 200-ден астам балуан келеді деп күтілуде. Спортшылар 14 салмақта сынға түседі. Олардың қатарында еліміздің атынан қатысатын 18 балуан бар.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген

