Данияр Елеусінов әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рио олимпиадасының чемпионы, жеңілістің дәмін татпаған Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы WBC чемпионы, америкалық Марио Барриосты жекпе-жекке шақырды.
"Өткен демалыс күндері WBC чемпионы Марио Барриос өте әлсіз өнер көрсетті. Оның қолынан Абель Рамосты екінші раундтың ортасында нокдаунға түсіру ғана келді. Марио, мен сені жеңетініме сенімдімін. Кез келген жерде, кез келген уақытта жекпе-жекке шығайық. Олимпиада чемпионы WBC чемпионына қарсы. Жанкүйерлерімізді қуантайық!" – деді Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов 2025 жылдың ақпанында шаршы алаңға оралатыны туралы жазған едік.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып

