Дамир Исмағұлов Ресейдің ең үздік жауынгерімен жұдырықтасады
UFC тұжырымының экс-спортшысы Дамир Исмағұлов (24-3) 70 келідегі Ресейдің ең үздік жауынгері саналатын Эдуард Вартанянға (25-3) қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Дамир Исмағұловтың Instagram парақшасынан
UFC тұжырымының рейтингінде ең үздік 15 спортшының қатарына кірген Дамир Исмағұлов келесі жекпе-жегін ресейлік “Наше Дело” тұжырымында өткізеді. Отандасымыз жеңіл салмақтағы (70кг) Ресейдің ең үздік спортшысы саналатын Эдуард Вартанянға қарсы К1 ережесі бойынша жұдырықтасады.
Спортшылар 70 келі салмақ дәрежесінде 3 минуттан 3 раундтық жекпе-жек өткізеді. Турнир 2 наурыз күні Мәскеу қаласында өтеді.
Айта кетейік, Эдуард Вартанян АСА тұжырымының гран-при турнирінде отандасымыз Артем Резниковті жеңіп, чемпиондық белбеудің иегері атанған еді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"

