Әткеншек тепкен қыздар құздан ұшып кетті (видео)
Дағыстандағы Сулақ шатқалында әткеншек теппек болған қыздар құздан ұшып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА "Дағыстанға” сілтеме жасап.

Бойжеткендер шатқалдың шетіндегі әткеншекте отырған. Біраз уақыттан кейін әткеншектің шынжырлары үзіліп, олар құзға құлап кетеді. Абырой болғанда, қыздар ауыр жарақат алмапты.
Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, қауіпті әткеншекті пайдалануға шектеу қойылған. Алдағы уақытта оны бұзу жоспарлануда.
Қазіргі таңда оқыс оқиға бойынша тексеру жүргізілуде.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар