"ЦСКА" мен "Спартак" арасындағы ойын жаппай төбелеспен аяқталды
"ЦСКА" мен "Спартак" командалары арасындағы матчтан кейін ондаған жанкүйер төбелес шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Baza Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ойын аяқталған соң қос команданың жанкүйерлері мейрамханаға келген. Алайда келушілердің бірі екіншісін ұрып жіберген соң жаппай төбелес басталыпты. Оқиға орнына әскерилер келгенде мейрамханада 40-қа жуық адам болған. Сондықтан қосымша күш шақыруға тура келіпті.
Төбелеске байланысты 10 ұсталды. Оларға қатысты ұсақ бұзақылық бабымен іс қозғалған.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ

